ПРЕМЬЕРА "ТЫНЫШТЫҚ КҮЗЕТШІСІ"

Қадірлі көрермен! 23, 24 желтоқсан күндері 19.00-де Ұлы Жеңістің 175 жылдығына арналған "ТЫНЫШТЫҚ КҮЗЕТШІСІ" драмасының премьерасын ұсынамыз!

Авторы: ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері – Дулат Исабеков.
Режиссері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Сайлау Қамиев.
Суретші – Ерлан Тұяқов.
Костюм суретшісі – Айнұр Есболатова, композитор – Ауғантай Иса. 

Сұрапыл соғыстың зардабын майданда от кешкен жауынгерлермен бірге ауылда Ұлы Жеңіс үшін жан аямай тірлік еткен еңбеккерлер қатар көрді. «Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында» келесі қара қағаздың өздерінің үйіне келмесін тілеп отырған жандардың үміті, ішкі қайғы-мұңы бір адамның көтеретін жүгі емес еді. Осынау зұлмат уақытта ауылын жамандықтан қорғаймын деп мерт болған Демесін соғыс құрбандарының тізіміне неге кірмеді?! Қатал болуға соғыс мәжбүр еткен Ардаққа жылулық сыйлаған жалғыз адам кім?  

Д.Исабековтің «Тыныштық күзетшісі» драмасында әйел қауымының иығына түскен ауыртпалық, қиындыққа көніп туған, ерте есейген балалардың көрген азабы, тылдағы еңбек, бүкіл ауылдың үрейін ұшырса да, тыныштығын күзеткен Демесіннің  аянышты тағдырына куә боласыздар. 

#Мәмбетовтеатры
#тыныштықкүзетшісі

FaLang translation system by Faboba