Жұмабек Ермахан


	

Жұмабек Ермахан Дулатұлы - театр актері. 2000 жылы 5-ші қазан күні дүниеге келген. 2005 - 2015 жылдары мектеп қабырғасында білім алған. 2015 - 2019 жылдары Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы мәдениет коллеждінде «драма театры әртісі» мамандығы бойынша оқуды тәмәмдаған. 2019-шы жылдың қыркүйек айында Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық Шахмет Құсайынов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрына қызметке тұрып, 1 жыл еңбек етті. Аталмыш театрдағы рөлдері: Дж.Р.Киплинг «Еркіндікті қалаған мысық» - Жылқы,  З.Хаким «Мәссаған!!! Сенсация!!!» - Өрт сөндіруші, Г.Х.Андерсен «Қар Ханым» - Дию, Қар,  Д.Родари «Көк жебенің саяхаты» - Поезд Бастығы, У.Шекспир «Макбет» - Дункан.

         Театрдағы рөлдері:   
О.Бөкей «Ауыл хикаялары» – жігіттер
У.Шекспир «Ромео-Джульетта» – қызметші
А.Володин «Сені сағындым...» –  Белов 
Мольер «Сараң» - Төбет       
Ш.Айтматов «Боранды бекет» - Таңсықбаев
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Режиссер       
Н.Балобан «Чарли Чаплин» трагикомедиясы – Девид Гриффит;     
Қ.Жүнісов «Алаш жолы» драмасы  - Жаһанша;  
А.Елгезек «Болмаған балалық шақ» драмасы – Жігіт

Жетістіктері: - 2017 жылы - Алматы қаласында өткен Інжу-Маржан атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы ұлттық-дәстүрлі өнер байқауының «Көркем сөз» номинациясы бойынша бас жүлде иегері; Театрдың көркемдік жетекшісі, ҚР Еңбек сіңірген қайрткері – Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов атынан алғыс хат

FaLang translation system by Faboba