Жұмабек Ермахан
Жұмабек Ермахан Дулатұлы - театр актері. 2000 жылы 5-ші қазан күні дүниеге келген. 2005 - 2015 жылдары мектеп қабырғасында білім алған. 2015 - 2019 жылдары Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы мәдениет коллеждінде «драма театры әртісі» мамандығы бойынша оқуды тәмәмдаған. 2019-шы жылдың қыркүйек айында Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық Шахмет Құсайынов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрына қызметке тұрып, 1 жыл еңбек етті. Аталмыш театрдағы рөлдері: Дж.Р.Киплинг «Еркіндікті қалаған мысық» - Жылқы, З.Хаким «Мәссаған!!! Сенсация!!!» - Өрт сөндіруші, Г.Х.Андерсен «Қар Ханым» - Дию, Қар, Д.Родари «Көк жебенің саяхаты» - Поезд Бастығы, У.Шекспир «Макбет» - Дункан.
Театрдағы рөлдері:
О.Бөкей «Ауыл хикаялары» – жігіттер
У.Шекспир «Ромео-Джульетта» – қызметші
А.Володин «Сені сағындым...» – Белов
Мольер «Сараң» - Төбет
Ш.Айтматов «Боранды бекет» - Таңсықбаев
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Режиссер
Н.Балобан «Чарли Чаплин» трагикомедиясы – Девид Гриффит;
Қ.Жүнісов «Алаш жолы» драмасы - Жаһанша;
А.Елгезек «Болмаған балалық шақ» драмасы – Жігіт
Жетістіктері: - 2017 жылы - Алматы қаласында өткен Інжу-Маржан атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы ұлттық-дәстүрлі өнер байқауының «Көркем сөз» номинациясы бойынша бас жүлде иегері; Театрдың көркемдік жетекшісі, ҚР Еңбек сіңірген қайрткері – Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов атынан алғыс хат