Қош, махаббат

Құрметті көрермендер! 2019 жылдың 4-5 шілде күндері, сағат 19:00-де Нұр-Сұлтан қаласының Номад театры сіздерді М.Мақатаевтің «Қош, махаббат» мелодрамасының премьерасына шақырады!

 

 «Қош, махаббат» (мелодрама)

 

Пьеса авторы – Мұқағали Мақатаев. Режиссер –  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев. Қоюшы суретшісі – Ерлан Тұяқов, киім суретшісі – Айнұр Есболатова. Хормейстер - Дилара Қарекенова, Ақжол Өмірзақов, Музыкамен көркемдеген – Нұрсұлтан Төрәлі, Ернұр Балапанов.

 

Кейіпкерлер  мен  орындаушылар:

БАҒДАТ – Аян Томанов, БАНУ Гаухар Жеңісова,  Меруерт Қуантаева, АЙБАР   Әли Бидахмет, АСАН – Әли Жарасұлы, АЙША –                                Еңілік Айымғазы, СӘЛИМА Гүлмира Жакилина, ҒАЛЫМ ҒАБИТҰЛЫ –     Бағлан Иманғазинов, ЗАҒЫШ – Альбина Валиева, ШЫРЫН – Айша Ағымбай, ХОР – Айнұр Жұмабаева, Альбина Валиева , Айша Ағымбай, Қазыбек Аманжол, Ақжол Амантай, Алмас Асқарұлы, Ерасыл Ахан, Ақниет Жақсығали, Айдана Курашева, Қартқожақова, Әділхан Үбайдоллаев, Ділназ Ертаева

 

Бағдат пен Банудың кіршіксіз махаббатына бәрі қызығып қарайды. Бірі- болашақ композитор, бірі - мұғалім. Үлкен қалада бір-бірін тапқан қос ғашықтың шынайы сезімі ешкімді бей-жай қалдырмайтыны белгілі. Дегенмен, өмір тосынсыйын әрқашан дайындап тұратынын білеміз. Махаббат хикаясында Асанның үлкен рөл ойнайтынын олар тіпті болжаған емес. Банудың таңдауы мен тағдырдың жазуы бірдей бола ала ма?

Сырлы лирикаға толы Мұқағали Мақатаевтың «Қош, махаббат» мелодрамасында ақынның танымал поэзиясы мен өлеңдеріне жазылған белгілі әндерін тыңдап, бір-біріне құлай сүйген жандардың әсерлі махаббат оқиғасына куә бола аласыздар.

                                                   

 

Өтетін орны: NOMAD CITY HALL

Мекен-жайы: Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 55/2, B2-3

Байланыс телефоны: 8 7172 33 62 46

                                   8 771 130 33 69

 

FaLang translation system by Faboba