Бақытбек Рухия
Бақытбек Рухия – театрдың әдебиет және ақпарат бөлімінің меңгерушісі. «Өнертану» ғылымдары магистрі. 2017 жылы Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы орта мектепті тәмамдап, сол жылы Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетіне «Театртану» мамандығы бойынша оқуға түседі. 2017 – 2020 жылдар аралығында ҚазҰӨУ «Шабыт» журналының бас редакторы қызметін атқарған. 2018 жылдан қазірге дейін Астана қаласыИндонезия мемлекетінің елшілігінде биші, волонтер ретінде жұмыс жасап келеді. 2019 жылы «EURASIA» International film festival (Staff, Organizer), және Халықаралық театр фестивалінде ұйымдастырушы қызметтерін атқарған. 2020 жылы «QazArt» ЖШС серіктестігінде менеджер, редактор ретінде жұмыс жасаған. Білімі: 2017-2021 жж. – Астана қаласы, Қазақ ұлттық өнер университеті («Театртану» мамандығы, бакалавр); 2021-2023 жж. – Астана қаласы, Қазақ ұлттық өнер университеті «Өнертану» ғылымдары магистрі
Жетістіктері:
⁕ 2017- «Шабыт» білім беру әдістемелік орталығы ғылыми жұмыс бас жүлде;
⁕ 2017 – «Алаш қозғалысы және уақыт» жас қаламгерлер конкурсы бас жүлде;
⁕ 2018 – Халықаралық «EURASIA» фильм фестивалі бас продюссері, университет ректоры А.Мұсаходжаева атынан арнайы алғыс хат;
⁕ 2018 – Х Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының ІІ дәрежелі диплом иегері;
⁕ 2019 – Жоғары оқу орындары студенттерінің үздік ғылыми-зерттеу жұмысы ІІІ дәрежелі диплом иегері;
⁕ 2019 – «Рухани жаңғыру Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты Астана қаласы ЖОО арасында өткізілген пікірталас сайысының ІІІ орын иегері;
⁕ 2019 – халықаралық ғылыми-практикалық студенттер конференциясының арнайы сертификатымен марапатталды;
⁕ 2019 – Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА өткізілген ХI Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының ІIІ дәрежелі диплом иегері;
⁕ 2019 – Индонезия мемлекетінің Астана қаласындағы уәкілетті елшісі Rahmat Pramona мырзаның атынан алғыс хат;
⁕ 2020 – «ISBI» бағдарламасы бойынша Индонезия мемлекеті университетінің стипендиаты;
⁕ 2021 – «Bahasa Indonesia» арнайы курсын толық аяқтағаны үшін және Азия халықтары мәдениетін дамытуға үлес қосқаны үшін уәкілетті елшісі Rahmat Pramona мырза атындағы арнайы грамота;
⁕ 2022 – Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының көркемдік жетекішісі Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов атынан алғыс хат;
⁕ 2022 – «TeArt-Көкше» II халықаралық театр форум-зертханасы «Театр журналистикасы» шеберлік сыныбынан арнайы сертификат;
⁕ 2022 – Халық қаһарманы, КСРО және Қазақстанның Халық артисі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, режиссер Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтің 90 жылдық мерейтойына арналған II-Халықаралық «ТЕАТРАll» театр фестивалінің ұйымдастырушысы.
⁕ 2023 – Индонезия мемлекетінің Астана қаласындағы уәкілетті елшісі Fadjroel Rachman мырзаның атынан алғыс хат;
Еңбек өтілі:
⁕ 2018 – «EURASIA» International film festival волонтерлар координаторы
⁕ 2017 – 2020 ҚазҰӨУ «Шабыт» журналының бас редакторы
⁕ 2018 – қазіргі күнге дейін Астана қаласы Индонезия мемлекетінің елшілігінде биші, волонтер
⁕ 2019 – «EURASIA» International film festival ұйымдастырушы (Staff, Organizer)
⁕ 2019 – «Халықаралық театр фестивалі» ұйымдастырушы
⁕ 2020 – 2021 «QazArt» проект (Botaqan) менеджер.
⁕ 2021 – қазіргі күнге дейін Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының әдебиет бөлімі меңгерушісі.
Тіл білуі: қазақ тілі – ана тілі, орыс тілі – еркін, ағылшын тілі – level Intermediate (В1), индонезия тілі – сөздікпен; түрік тілі – сөздікпен.