Шілдебаева Арайлым


	

Шілдебаева  Арайлым Әмірқызы - 1998  жылы 6 маусымда,  Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. 2005- 2013 жылдары  О.А.Жолдасбеков атындағы  №9 лицей мектебін және Ж.Омарова атындағы  №1 музыкалық мектебін "Арнайы фортепиано" мамандығы бойынша  тәмамдады. Ұстазы: Жалғасбаева Лейла Рысмахановна. Оқушылары түрлі Халықаралық, Республикалық конкурстарының Лауреаты.                     2014-2018 ж. Оңтүстік Қазақстан Саз колледжіне оқуға түсіп, "Арнайы фортепиано" бөлім басшысы, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері - Жомартова Зарина Кенжетайқызынан  тәлім алып, үздік аяқтайды.                2018-2022 ж. Қазақ ұлттық  Өнер университетіне "Аспапта орындаушылық" факультетінің "Арнайы фортепиано" мамандығына оқуға түсіп, үздік аяқтайды. Ұстазы: Кусаинов Алтай Карпыкович - профессор, оқу ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Арайлым 17 жыл бойы кәсіби деңгейде фортепианода ойнайды. Студент жылдары көптеген Республикалық және Халықаралық конкурстарының лауреаты атанды.  Түрлі мерекелік іс-шараларға белсенді қатысуда. Казіргі таңда Қазақ ұлттық өнер университетінде және Ә.Мәмбетов атындағы  мемлекеттік драма және комедия театрында концертмейстерлік жұмысын атқарады.
Жетістіктері: 2014ж. - Халықаралық байқау ( Номинация - камералық ансамбль, фортепиано және Альт) - Алматы қ. Гран-при
2016 ж. - - Халықаралық байқау.Piano-Style -3 орын Астана қ.
2018 ж. - Piano Fest халықаралық байқауы -3 орын .Алматы қ.
2018ж. 39 колледждер арасында Республикалық орындаушылар байқауы-2 орын .  Астана қ.
2020 ж.-"Шабыт" фортепиано ансамбльдерінің халықаралық байқауы-1 орын 
2021-the Second international video competition "21 Century art" - 1 орын 
1" Qosalqa " фортепиано ансамбльдерінің халықаралық байқауы-2 орын
1" Qosalqa " фортепиано ансамбльдерінің халықаралық байқауы -1 орын
2022 Ресей Қорған қ. "1 Халықаралық фортепиано ансамбльдерінің байқауы" - 2 орын 
2022 1 "қазақстандық композиторлардың шығармаларын үздік орындағаны үшін" республикалық фестиваль-конкурсы - 1 орын

FaLang translation system by Faboba