Бидахметов Әли Дәулетбекұлы
Бидахметов Әли Дәулетбекұлы – театр актері. 1995 жылы Зайсан ауданы, Қуаныш ауылында дүниеге келді. Зайсан ауданында 9 сыныпты бітірген соң Алматы қаласы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясы коледжіне «музыкалық театр артисі» мамандығына оқуға түсіп, Ерлан Карибаев, Есім Жүкеұлы, Мақсат Рахмет сынды ұстаздардан білім алды. Дипломдық спектакльдерде: Георги Хугаевтың «Қара шекпенінде» Құқар рөлін, Ағайынды Гриммдердің ертегісі «Бремен музыканттарындағы» Король рөлін сомдадым. 2014-2018 жылдары Қазақ ұлттық өнер Университетінде «музыкалық театр әртісі» мамандығын ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Камиев шеберханасында оқыды. 2018 жылы Айгүл Иманбаеваның А.И. театрына шықырту алып, «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» қойылымында Жантық рөлін кейіптеді. Қазіргі уақытта театрымызда актер әрі шығармашылық құрам жетекшісі ретінде қызмет атқарады.
Театрдағы рөлдері:
М.Фрейн «Театр 180» - Тим
М.Камолетти «Мерекелік меню» - Бернард
Б.Томас «Чарлидің әпкесі» - Брассет
У.Шекспир«Ричард ІІІ» - герцог Бекингем
О.Бөкей «Ауыл хикаялары» - автор
М.Мақатаев «Қош, махаббат» - Айбар
Ж.Шайхисламұлы «Қыз Жібек» - Төлеген
М.Әуезов «Жас Абай» - Оспан
И.Меччи, Д.Робертс, Л.Вулвертон «Арыстан патша» - Тимон
У.Шекспир «Ромео-Джульетта» - Бенволио
А.Володин «Сені сағындым...» - Митя
Р.Киплингтің «Маугли» ертегісінің, О.Бөкей «Ауыл хикаялары» спектаклінің қоюшы режиссері.
Мольер «Сараң» - Лафлеш
Ш.Айтматов «Боранды бекет» - Сәбитжан
М.Хэддон «Детектив Кристофер» - Кристофер
Жетістіктері:
- Колледж қабырғасында Бәйтен Омаров атындағы театр фестиваліне қатысып, «Қара шекпен» қойылымымен гран-при иеленді;
- 2017 жылы XX халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінде «Актер шеберлігі» номинациясы бойынша Шәкен Айманов атындағы арнайы дипломмен марапатталды;
- 2019 жылы Мәскеу қаласында өткен VX Антон Чехов атындағы көркем сөз оқуларында «Маска» шығармасымен III орынды иеленді.
- 2019 жылы Театр күнінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Б.Сұлтановтың алғыс xатына ие болды;