Мұратбек Ілияс


	

Мұратбек Ілияс Қуанышбекұлы - театр актері. 1997 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. 2013 жылы №34 орта мектепті тәмамдап, Қазақ ұлттық өнер университеті колледжіне «эстрадалық вокал» мамандығы бойынша оқуға түседі. 2017 жылы дәл осы оқу орнының университетіне «драма театры және кино актері» мамандығына оқуға қабылданады. Танымал актриса Меруерт Қаратайқызы Өтекешова және режиссер, актер Бекболат Болатжанұлы Құрманғожаев шеберханасында дәріс алады. Дипломдық жұмыста Н.Гогольдің «Ревизор» шығармасында  кейіпкер Земляниканың рөлін ойнаған. 2019 Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА өткізілген ХI Республикалық студенттік олимпиадасында «Сахна тілі» пәні бойынша I орын иегері. 2021 жылы Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрына қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
И.Меччи, Д.Робертс, Л.Вулвертон  «Арыстан патша» –  Шакал
А.Володин «Сені сағындым...» –  Валера
Мольер «Сараң» - Валер       
Ш.Айтматов «Боранды бекет» - Әбутәліп        
М.Хэддон «Детектив Кристофер» - Роджер
С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Кемел    
Н.Балобан «Чарли Чаплин» трагикомедиясы – Конферансье;     
Қ.Жүнісов «Алаш жолы» драмасы  - қызыл маска;   
А.Елгезек «Болмаған балалық шақ» драмасы – Автор

Марапаттар: 2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасы басшысының атынан алғыс хат

FaLang translation system by Faboba