Қартқожақова Қорлан
Қартқожақова Қорлан Жабайқызы – театр актрисасы. 2001 жылдың 28 қазанында Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Орлы селосында дүние келді. 2005 жылы Н.С.Манаев атындағы орта мектебінің табалдырығын аттады. 4-ші сыныптан бастап Дина Нүрпейісова атындағы музыка мектебінде скрипка мамандығы бойынша білім алды. 2014 жылы Нұрғиса Тілендиев атындағы кіші өнер академиясының «Актер шеберлігі» мамандығына оқуға түсті. 2017 жылы «Тіл табысқандар» комедиясында Дездемона рөлін, 2018 жылы «Той боларда» қойылымында Айбала рөлін сомдады. 2018 жылы «Мэлоди» орыс театрына кастинг арқылы «Ариэль» (Русалка) рөліне өтіп, үлкен театр сахнасында өнер көрсетті. 2018 Қазақ ұлттық өнер университетiнiң «Музыкалық театр əртісі» мамандығына ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев шеберханасына оқуға түсті.
Жетістіктері:
- 2015 жылы Астана қаласында өткен республикалық театр фестивалінде «Ең үздік сахналанған қойылым» номинациясына ие болды;
- 2018 жылы халықаралық «Алаш үміті» фестивалінің бас жүлде иегері.
Театрдағы рөлдері:
М.Мақатаев «Қош, махаббат» - хор
М.Фрейн«Театр 180» - Брук
Ж.Шайхисламұлы «Қыз Жібек» - Дүрия,
Д.Исабеков «Тыныштық күзетшісі – Перизат
О.Бөкей «Ауыл хикаялары» - әнші
А.Володин «Сені сағындым...» - қыз, әнші
Мольер «Сараң» - Қызметші