БІЗГЕ 2 ЖЫЛ!

«Nomad City Hall» МКҚК, Номад театры Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен 2018 жылдың 1 қараша күні ресми түрде ашылды. Директоры әрі көркемдік жетекшісі: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері—Тұрсынбек Қабатов,  бас режиссері:  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері — Сайлау Қамиев.

Шымылдығымыз түрілгеннен бері репертуарымыз әр түрлі жанрдағы спектакльдермен толықты:
М.Фрейн «Театр 180º» комедиясы (Режиссері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев)

М.Камолетти «Мерекелік меню» комедиясы (Режиссері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев)

Б.Томас «Чарлейдің әпкесі» музыкалық комедия (Режиссері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев)

У.Шекспир «Ричард ІІІ» реквием (Режиссері: Фархад Молдағали)

Д.Исабеков «Әштен» комедиясы (Режиссері – Нұржігіт Муслимов)

М.Мақатаев «Қош, махаббат» мелодрама (Режиссері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев)

• Р. Киплинг "Маугли" ертегісі
(Режиссері: Әли Бидахмет)

•Ж.Шайхисламұлы "Қыз Жібек"
(Режиссері: Дина Құнанбай)

Қадірлі көрермен! Бізбен бірге болғандарыңыз үшін шексіз алғыс білдіреміз! Театрымыз  сағына іздейтін,  шығармашылық шабыт сыйлайтын сүйікті көрермендерімен бақытты!
Барша ұжымды театрдың туған күнімен құттықтаймыз!

#номадтеатры

FaLang translation system by Faboba