Премьера!


«Ауыл хикаялары» драмасы суреткер О.Бөкейдің «Апамның астауы», «Қош, махаббатым» және «Маңдайдан бағың шайқалса» әңгімелерінің желісі бойынша сахналанады. Көрермендер өкініш пен қоштасу, қуаныш пен мұң, махаббат пен қимастық сезімін бастан кешіріп, кіші сахнада қойылымның қатысушына айналады. Қойылым сіздің жүрек түбіндегі ыстық сезімдерді оятып, асыл шақтарыңызды еске алуға, сіз үшін қымбат жандармен тағы бір мәрте тілдесуге, сырласуға мүмкіндік береді.

Құрметті көрермендер!  Сіздерді  17, 18, 19 наурыз күндері, 19.00-де  көрнекті жазушы, танымал қаламгер Оралхан Бөкейдің әңгімелерінің желісімен сахна көретін  "Ауыл хикаялары"  драмасын тамашалауға шақырамыз!

Режиссерлері:  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері- Сайлау Қамиев,  Нұржігіт Муслимов,  Әли Бидахмет.

♦Билеттер ticketon.kz сайтында!

билет бойынша байланыс нөмірі: 87752840296

#Мәмбетовтеатры
#премьера
#ауылхикаялары

FaLang translation system by Faboba