«ҚАЗАҚША QUIZ»

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «ҚАЗАҚША QUIZ» интеллектуалды сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты – «IQas ҚАЗАҚША QUIZі» интеллектуалды сайысы - қазақтың тілін, тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ғылымын, өнерін, әдеби мұраларын насихаттау, ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын арттыру, сондай-ақ, ана тілімізді, білім культін мамандар арасында кең насихаттау, ұлттық құндылықтарымызды арттыру, зияткер ортаға үлес қосу, қызметкерлердің танымын арттыруға, ізденуге, алған ақпаратты қысқа уақыт ішінде сараптан өткізуге, қисынды ойлауға баулу.

2,5 сағаттық интеллектуалдық сайыстa,12 команданың ішінен ӘЗАҒАҢ театрының қызметкерлері жүлделі екінші орынға ие болды!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

FaLang translation system by Faboba