«Жалдамалы пәтер» қойылымының премьерасы

2024 жылдың 27 маусым, 30 маусым күндері сағат 19:00-де, Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Жалдамалы пәтер» қойылымының премьерасы өтті. ​​​​​Режиссер – Ақниет Жақсығали​. Пьеса авторы – Қазыбек Аманжол​. Қоюшы және киім суретшісі – Арман Теміртасов​​. Жарық суретшісі – Әли Бидахметов Жарық қоюшы – Ибрагим Оспанбаев​​. Дыбыс қоюшы – Ернұр Балапанов, Әмірбек Нағашыбай​

Қаланың қақ ортасындағы бір бөлмелі пәтерде, әр кезеңде түрлі отбасылар өмір сүрді. Бес түрлі отбасы, он түрлі адамның тағдыры өткен бұл 30 шаршы метрлік үйде Үй иесі (Домовой) барын ешкім білмейді. Бірақ қорқудың қажеті жоқ. Екі ғасыр өмір кешкен домовой әр келген келушілерді өзінің оқиғаларымен қуана қарсы алады. Ал ол үй иесі неге жүр? Неге кетпейді? Ол өзіне де жұмбақ.....

Қойылымда әйгілі Дос-Мұқасан – эстрадалық вокальді аспаптар ансамблінің ел арасында үлкен танымалдылыққа ие болған әндері қолданылады.

FaLang translation system by Faboba