#БАЙҚАУ!!!

⚜️Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры республикалық КОМЕДИЯ ЖАНРЫНДАҒЫ ДРАМАТУРГИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРҒА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ.
 
🔗Мақсаты;
Қоғамды әзіл арқылы бейнелейтін комедиялық қойылымдар жазылуына ықпал ету.
 
📝Талаптар:
Байқауға қатысатын пьесалар бұрын жарияланбаған, басқа байқауларға қатыспаған және театр сахнасында қойылмаған болуы тиіс. Комедиялық пьесаның жанрына шектеу жоқ. (Трагедиялық комедия, сатиралық комедия, юморлық комедия, лирикалық комедия, музыкалық комедия). Жеңімпаздарды танымал сарапшылар тобы анықтайды. Пьесалар авторларының аты-жөні көрсетілмейді, рецензияланбайды. Құқықтар авторларға тиесілі.
 
⏳Мерзімі:
Шығармалар 2024 жылдың 4 қыркүйегі мен 30 қарашасына дейін қабылданады. Нәтижелер желтоқсанның алғашқы онкүндігінде жарияланады.
 
🏆Жүлде қоры;
I орын – 1 миллион теңге
II орын – 750 мың теңге
III орын – 500 мың теңге
 
🥇ЖЕҢІМПАЗ ТУЫНДЫ  Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында сахналанады.
 
📝 Қатысу:
18-80 жас аралығындағы авторлар қатыса алады. Өтінімдер байланыс деректері көрсетілуі тиіс.
 
📩Өтінімдер мен жазылған материалдар мына мекен-жайға жіберілуі тиіс:
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..
Барлық сұрақтар бойынша тел.: 8 (7172) 33 65 82,
 +7 707 482 5011
FaLang translation system by Faboba