Мамыр айындағы репертуар
«Ричард ІІІ» реквиеміне шақырамыз!
2019 жылдың 6 маусым күні, сағат 19:00-де Нұр-Сұлтан қаласының Номад театрында У.Шекспирдің «Ричард ІІІ» спектаклінің премьерасы өтеді.
Тұңғыш рет әлемге әйгілі У.Шекспирдің «Ричард ІІІ» трагедиясы реквием жанрында сахналанады.
«Ричард ІІІ»
\реквием\
Пьеса авторы – Уильям Шекспир. Режиссер - Фархад Молдағали. Композитор – Алсу Нигматуллина (Санкт-Петербург). Хореограф – Шырын Мустафина. Киім суретшісі – Алма Сырбаева. Хормейстер - Дилара Қарекенова. Режиссердің ассистенті - Нұржігіт Муслимов
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
РИЧАРД – Нұржан Асылхан, Нұржігіт Муслимов, КОРОЛЬ ЭДУАРД ІҮ – Бағлан Иманғазинов, ГЕРЦОГ КЛАРЕНС – Ғани Бердембетов, ГЕРЦОГИНЯ ЙОРКСКАЯ – Гүлмира Жакилина, КОРОЛЕВА МАРГАРИТА – Айша Ағымбай, КОРОЛЕВА ЕЛИЗАВЕТА – Әсел Нұртазина, ЛЕДИ АННА – Еңілік Айымғазы, Ақбота Макежанова, ГРАФ РИВЕРС – Әмірхан Оразбақ, ГЕРЦОГ БЕКИНГЕМ – Әли Бидахмет, ХЕСТИНГС – Әли Жарасұлы, ЛОРД РИЧАРД ГРЕЙ – Әділхан Үбайдоллаев, ЖЕНДЕТТЕР – Оралгүл Бауыржан, Аида Жанзакова, ЛОНДОННЫҢ ЛОРД-МЭРІ, АРХИЕПИСКОП – Альбина Валиева, ГЕРЦОГ КЛАРЕНСТІҢ ҰЛЫ – Мақсат Шайзақ, ГЕРЦОГ КЛАРЕНСТІҢ ҚЫЗЫ – Гауһар Жеңісова, ИНСТРУМЕНТТЕРДЕ: ЭЛЕКТРОГИТАРАДА - Нұрсұлтан Төрәлі, Алмас Асқарұлы, БИТМЕЙКЕР (БИТ БОКС) – Бейбарыс Асқарбеков, ФОРТЕПИАНОДА - Аян Томанов. ХОР: Ақжол Амантай, Ділнәз Ертаева, Ақниет Жақсығали, Айнұр Жұмабаева, Айдана Курашева, Қорлан Қартқожақова, Дана Верещак, Ақмарал Ержанова, Меруерт Куантаева, Аманбек Нұртай.
Әлемге әйгілі «Ричард ІІІ» трагедиясы - Уильям Шекспирдің хроникаларының озық туындысы. Билік жолында туған бауырының да жанын алған, өзі билік еткен кезеңде ең қатыгез патша атанған қанышер Ричардтың өмірі әркімге қызық әрі жұмбақ. Алайда, Ричардтың өмірді жек көруіне, осыншалық жауыз болуына себеп болған не нәрсе?
«Ричард ІІІ» реквиемінде сіз Ричардты басқа қырынан тани аласыз. Оның бауырларына, айналасындағы адамдарға деген қарым-қатынасына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік туады. Ричардтың жан дүниесіне тереңірек үңілсеңіз, ол жайлы бұрыңғы қалыптасқан ойыңыз өзгеруі әбден мүмкін.
Билеттерді топ тикет, тикетон сайттарынан және қала кассаларынан сатып ала аласыздар!
Өтетін орны: NOMAD CITY HALL концерттік залы
Мекен-жайы: Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 55/2, B2-3
Байланыс телефоны: 8 771 130 33 69.
«Чарлейдің әпкесі» музыкалық комедиясы
Құрметті көрермендер! 2019 жылдың 11 мамыр күні сағат 19:00-де Нұр-Сұлтан қаласының комедия театрында Б.Томастың «Чарлейдің әпкесі» музыкалық комедиясы өтеді.
«Чарлейдің әпкесі»
\музыкалық комедия\
Пьеса авторы – Брэндон Томас. Композиторы - Оскар Фельцман. Аударғандар - И.Оразбаев, Т.Нұрмағанбетов, Т.Тоқбергенов. Қоюшы режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев. Қоюшы суретшісі – Айнұр Есболатова. Хормейстер - Дилара Қарекенова. Балетмейстер – Анель Мырзагулова. Дыбыс режиссері - Ернұр Балапанов. Музыкасын өңдеуші - Нұрсұлтан Төрәли
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
БРАССЕТ – Нұржан Асылхан, Әли Бидахметов, БАБС – Шыныбек Рахмашев, Әли Жарасұлы, ДЖЕК – Бейбарс Асқарбеков, ЧАРЛЕЙ - Әмірхан Оразбақ, ЭННИ – Аида Жанзакова, КИТТИ – Альбина Валиева, ФРЕНСИС-Бағлан Иманғазинов, Әділхан Үбайдоллаев, СПЕТЛАЙГ – Нұржігіт Муслимов, ЛЮЦИЯ - Гүлмира Жакилина, Оралгүл Бауыржан, ЭЛЛА – Айдана Курашева, көпшілік сахнада - Айша Ағымбай, Еңілік Айымғазы, Гаухар Жеңісова, Айнұр Жұмабаева.
Брэндон Томастың «Чарлейдің әпкесі» комедиясы әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған. Әйел бейнесін ер адамның кейіптеуі әрқашан да күлкі тудырып, күтпеген тосын жағдайларға алып келеді.
Шым-шытырық оқиғаларға толы музыкалық комедияның басты кейіпкерлері – Джек және Чарлей есімді студенттер. Жігіттер жас, албырт, сондықтан да оларға байлықтан гөрі шынайы сезім қымбаттырақ. Сүйгендеріне қол жеткізу үшін олар ештеңеден тайынбайды. Алайда, өтіріктің көмегімен жеткен бақыт қаншалықты бағалы болмақ?! Чарлей қандай шешім қабылдайды деп ойлайсыз?
Риясыз көңіл мен қызғаныш, шындық пен жалған, адалдық пен арамдық арпалысқа түскен спектакльде шынайы махаббат әспеттеліп, әділеттілік салтанат құрады.
Билеттерді топ тикет, тикетон сайттарынан және қала кассаларынан сатып ала аласыздар!
Өтетін орны: NOMAD CITY HALL концерттік залы
Мекен-жайы: Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 55/2, B2-3
Байланыс телефоны: 8 771 130 33 69.
24 мамыр - «Театр 180°» комедиясы
2019 жылдың 24 мамыр күні сағат 18.30-де Астана қаласының комедия театрында «Театр 180°» комедиясы өтеді.
«Театр 180°»
\комедия\
Туынды авторы – Майкл Фрейн. Қазақ тіліне аударған – Әсел Асқарқызы. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев. Қоюшы суретшісі – Алма Әбілмәжінқызы. Дыбыс режиссер– Ернұр Балапанов.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: Ллойд – Қалдар Әли; Тим – Бидахмет Әли; Миссис Клакетт-Дотти–Жакилина Гульмира, екінші құрамда Валиева Альбина; Брук-Вики – Айымғазы Еңілік, екінші құрамда Талғат Айым; Поппи – Жанзакова Аида, екінші құрамда Бауыржан Орал; Белинда-Флавия –Ағымбай Айша, екінші құрамда Макежанова Ақбота; Селздон –Қарақшы –Асылхан Нұржан; Фредерик–Филипп –Асқарбеков Бейбарс, екінші құрамда Кеңшілік Сұлтан; Гарри – Роджер – Муслимов Нұржігіт.
Театрдың өзі өмір. Спектакль толық дайын болғанға дейін талай қызықтар мен әр түрлі кедергілер орын алатыны белгілі. Шекспир кезеңінен келе жатқан «театр ішіндегі театр» әдісін қолданған Майкл Фрейннің кейіпкерлер мен актерлердің тағдыры байланысқан туындысы көрерменге сахна сыртындағы тылсым әлемге енуге мүмкіндік береді. Тығырықтан жол табу кезінде шынайы өмір мен сахна өмірін айыра алмай, комедиялық жағдайларға тап болған актерлердің әрекеттері шынайы күлкі тудырады.
«Театр 180º» комедиясында труппадағы актерлердің шым-шытырыққа толы қарым-қатынасы көрініс табады. Әрбір кейіпкер үшін шынайы және сахналық өмір бір арнаға тоғысып, спектакльдің әрекетін комедиялық абсурд пен сатиралық гротескке жеткізеді.
Билеттерді топ тикет, тикетон сайттарынан және қала кассаларынан сатып ала аласыздар!
Өтетін орны: NOMAD CITY HALL концерттік залы
Мекен-жайы: Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, B2-3
Байланыс телефоны: 8 771 130 33 69
30 мамыр «Мерекелік меню» комедиясы
2019 жылдың 30 мамыр күні, сағат 18.30-де Астана қаласының комедия театрында Марк Камолеттидің «Мерекелік меню» комедиясы өтеді.
«Мерекелік меню»
\комедия\
Туынды авторы – француз драматургы Марк Камолетти. Қазақ тіліне аударған – Ләззат Алпысбаева. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев. Қоюшы суретшісі – Алма Сырбаева. Балетмейстер – Анель Мырзагулова. Дыбыс режиссері – Ернұр Балапанов.
Кейіпкерлер мен орындаушылар: ЖАКЛИН – Макежанова Ақбота, Қожахметова Алтынай; БЕРНАРД – Бидахмет Әли, Асылхан Нұржан; РОБЕРТ – Жарасұлы Әли, Берденбетов Ғани; СЮЗЕТТА – Ағымбай Айша, Валиева Альбина; СЮЗАННА–Айымғазы Еңілік, Нұртазина Әсел; ДЖОРДЖ – Иманғазинов Бағлан, Оразбақ Әмірхан.
Әйелі жоқта үйінде керемет кешті өткізуді қалаған Бернардтың жоспары кедергілерге тап болады. Аяқ астынан туындаған ой күтпеген тосын жағдайларды тудырады. Тығырықтан шығар жол табу үшін айтылған өтірік келесі өтірікті жалғап, оқиғаны одан әрі шиеленістіре түсіреді. Шындықтың ерте ме, кеш пе салтанат құратыны анық, жалғанның шырмауына іліккен жағдайдан шығар жол қандай? Спектакльдегі оқиғалардың күтпеген бұрылыстары, шыр айналдырар интрига мен тартысты сюжет актерлердің міндеттерін қиындатқанмен, оларға махаббат, құмарлық, қызғаныш, адалдық, сатқындық сезімдерін көрсетуге тамаша мүмкіндік береді.
Билеттерді топ тикет, тикетон сайттарынан және қала кассаларынан сатып ала аласыздар!
Өтетін орны: NOMAD CITY HALL концерттік залы
Мекен-жайы: Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, B2-3
Байланыс телефоны: 87711303369