Skip to content

Ұлы Жеңіс күніне орай, театрымыздың актерлерімен Expo қалашығында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мерекелік концерт өтті.

Ұлы Жеңіс күніне орай, театрымыздың актерлерімен Expo қалашығында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мерекелік концерт өтті. Концерт барысында елдік пен ерлік тақырыбын арқау еткен театрландырылған қойылым үзінділері ұсынылды. Сондай-ақ бағдарлама аясында Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлік жолына арналған «Ар адамы – Бауыржан» деректі драмасынан тағылымды үзінділер көрсетілді. Сахналық бағдарламада тарихи жады, майдан даласындағы қайсарлық, елге деген адалдық және бейбіт күннің қадірі мәдениет пен өнер тілі арқылы көрініс табады. Мәдени іс-шара Ұлы Жеңістің тарихи маңызын ұлықтауға, майдангерлердің ерлік өнегесін дәріптеуге және қоғамда отансүйгіштік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.