Әзірбайжан Мәмбетoв атындағы мемлекеттік драма және комедия театры тарихы, шығармашылық келбеті
Әзірбайжан Мәмбетoв атындағы мемлекеттік драма және комедия театры ресми түрде МКҚК Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 2018 жылғы 1 қарашада ашылды. 2020 жылғы 19 желтоқсанда театрға халық қаһарманы және көрнекті режиссер Әзірбайжан Мәмбетoвтің аты берілді.
Театрдың директоры – Майер Александр Викторович, көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Тұрсынбек Қабатов. Театр EXPO инновациялық сахнасында заманауи өнер жаршысы атанып келеді. Театр репертуарын тарихи драмалар мен комедиялар және көркем шығармалар негізіндегі лирикалық қойылымдар деп бөліп қарастыруға болады.Театр шымылдығы 2018 жылдың 1 қарашасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Сайлау Қамиев жетекшілігімен қойылған М.Фрейннің «Театр 180⁰» комедиясымен түрілді. Режиссер С.Қамиев еңбегімен «Чарлейдің әпкесі», «Тыныштық күзетшісі», «Ауыл хикаялары», «Қош махаббат», «Ауыл хикаялары» (С.Қамиев, Ә.Бидахмет, Н.Муслимов бірлестігімен), «Қош махаббат» спектакльдері қойылды. Қазақ классикасы «Қыз Жібек» лиро-эпосы, қоюшы-режиссері – Д.Құнанбай, «Жас Абай» драмасы реж.,Н.Жұманиязов, «Алаш жолы» Қ.Қасымов режиссерлігімен репертуардан орын тапты. У.Шекспир шығармалары бойынша, «Ричард III» реж., Ф.Молдағали, «Ромео-Джульетта» реж., Е.Нұртазин. Сонымен қатар театрда қазақ және орыс тілінде «Кішкентай ханзада» реж., Н.Муслимов моноспектаклі жүргізілді. Театр шығарма авторларымен кездесулер ұйымдастырып, көрерменге тамаша мүмкіндіктер берді. Әли Бидахмет режиссерлігімен қойылған «Болмаған балалық шақ» қойылымында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ҚР Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері Ақберен Елгезек және «Танакөз» мелодрамасында қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановпен кездесулер ұйымдастырылды. Сахнаның техникалық мүмкіндіктері де жоғары деңгейде қамтамасыз етілгендіктен, спектакльдер көрерменге әсерлі әрі эмоционалды түрде жетеді. Репертуарда қазақ ақиық ақыны М.Мақатаевқа арналған «Күнделік» «Мұқағали XXI» және тұңғыш бард ақынымыз Табылды Досымов құрметіне «Сәйгүлік» муздрамалары, қазақтың даңқты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлына арналған «Қажымұқан» драмасы тұлғаларымызды жас ұрпақпен таныстыру мақсатында қойылып келеді. Театрда шетел режиссерлері соның ішінде ТМД елдерінің режиссерлерімен жұмыс қызу жүреді. Бірнеше жыл жетекші режиссер қызметінде болған Ұланмырза Қарыпбаев және шетелден шақырылған режиссерлер Николай Балобан, Илья Подчезерцев, Самсон Мовсеян негізінде репертуар өзге көзқарастағы дүниелермен толықты. Астана қаласының басты театрларының бірі болып саналатын өнер ордасында ұлы шебердің шығармашылық дәстүрі жалғасып, драма, комедия және қазіргі заманғы сахналық өнер түрлері үйлесімді түрде ұсынылады.
Астана қаласы әкімдігінің «Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры» МКҚК
Мекен-жайы және байланыс телефоны
010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 55\2
Телефон: + 7 771 837 1959
e–mail: info@mambetov–theatre.kz
Астана қаласы әкімдігінің «Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры» МКҚК
Басшылық құрам
1 | Александр Викторович Майер Астана қаласы әкімдігінің «Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры» МКҚК директоры |
2 | Самат Ильясұлы Тергембаев Астана қаласы әкімдігінің «Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры» МКҚК-ы директорының орынбасары |
3 | Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов Астана қаласы әкімдігінің «Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры» МКҚК-нің көркемдік жетекшісі |
KZ