Skip to content

МАУСЫМ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Театрымыздың кезекті  VIII ші маусымы жарқын премьералар мен ерекше жанрдағы қойылымдарға толы болды:

-А.Құнанбайұлының қара сөздері желісімен «45» физикалық театр жанрындағы қойылымы.,

-Жасанды интеллект көмегімен және болған оқиға негізінде, қоғам қасіреті нашақорлыққа қарсы «Жылы мұң» драмасы.,

-ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, театрымыздың жоғарғы санаттағы актері Есендосов Ербол Мағзомұлының 50 жас мерейтойына арналған «Тук-Мар қонақ үйі» комедиялық қойылымы.,

-Даңқты балуан Қ.Мұңайтпасұлының 155 жылдығына орай сахналанған тұңғыш «Қажымұқан» тарихи драмасы.,

-Қозы Көрпеш-Баян Сұлу ғашықтар күніне орай арнайы қойылған «Аялдама» киноспектаклі.,

– DRAMA KZ-2026 пьеса іріктеуінің үздігі, бүгінгі күнгі өзекті мәселелер жаршысы «Тәуелді» драматерапиясы.

 

VIII ші маусым жетістіктері:

-Өткен маусымды қорытындылаған қазақтың тұңғыш бард ақыны Т.Досымовқа арналған «Сәйгүлік» музыкалық драмасы STEPPE AWARDS 2025 премиясының «Үздік спектакль» номинациясының иегері атанды. Көрермен сұрауымен аталмыш қойылым Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалаларына гастрольдік сапармен барып, лық толы зал жинады.

-Театр Әзірбайжан, Қырғызстан және Ресейден келген жас театр майталмандарымен вокал, хореография, драматургия бағыттары бойынша, Халықаралық Акустикалық театр мектебінің шеберлік дәрістерін өткізді.

-Түркістан қаласындағы Р.Сейтметов атындағы сазды драма театрында өткен Қ.Жандарбековтің 120 жылдығына арналған «Қазақтың Құрманбегі» атты I Республикалық театр фестивалінде актеріміз Үсен Бегжігіт «Екінші пландағы ер адам бейнесі» дипломымен марапатталды.

-«Қажымұқан» тарихи драмасының премьерасында қойылым режиссері А.Жақсығали және авторы Н.Асылбек «Baluan tas» ұлттық спорт түрлері және мәдениеті академиясының шешімімен «Жанашыр» атағымен марапатталды.

– Репертуарымыздағы «Жылы мұң» драмасының негізі «Менің мұңым» атаулы пьеасасы (авторы Нұржігіт Муслимов) – «Eurodram» Еуропалық театрлық аударма желісінің 2026 жылғы іріктеуінде үздіктер қатарына енді!

-«Аялдама» киноспектаклі небәрі бір аптада аншлаг жасап, кешімізді арнайы қонағымыз әнші Абзал Утешев көркемдеді.

– Театрымыздың жоғарғы санаттағы актрисасы Жакилина Гүлмира Тлебалдықызы «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды. 

– Театрымыздың директорының орынбасары Тергембаев Самат Ілиясұлы «Еңбек ардагері» атағымен марапатталды.

– Театрымыздың бас режиссері Бидахмет Әли Дәулетбекұлы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды.

-Театрымыздың актері әрі драматургі Қазыбек Аманжол «Еңлікгүл 2025» Қазақстан театр қайраткерлері одағының кәсіби сыйлығында «Жылдың ең үздік драматургі» атанды.

 

Осы маусым бойы бізбен бірге болып, әр қойылымның қуанышы мен толқынын бөліскен барша көрермендерімізге алғыс айтамыз!

Сіздердің ықыластарыңыз бен қолдауларыңыз біздің шабыт көзіміз!

Келесі маусымда жаңа идеялармен, тың премьералармен және жарқын кездесулермен қайта қауышқанша!