Құрметті көрермен!
VIII театр маусымының жабылу құрметіне орай сіздерді театр маусымының ең сәтті қойылымдарының бірі – қазақ халқының даңқты перзенті Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірі мен күрескерлік жолына арналған «Қажымұқан» тұңғыш тарихи драмасын тамашалауға шақырамыз.
Премьера көрермен тарапынан зор ықыласқа ие болып, ұлттық рухты асқақтатқан, маусымның ең айтулы шығармашылық жетістіктерінің біріне айналды.
Сіздерді 6 шілде күні, сағат 18:00-де кезекті маусымды бірге қорытындылап, ерекше әсерге толы кешті бірге өткізуге шақырамыз!
VIII маусымда бізбен бірге болып, әр қойылымның қуанышы мен толғанысын бөліскен барша көрерменге алғысымызды білдіреміз. Жаңа маусымда тың премьералармен, жарқын жобалармен қауышқанша!





KZ