«Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры» МКҚК Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 2018 жылдың 1 қараша күні ресми түрде ашылды. Театрдың көркемдік жетекшісі: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Тұрсынбек Қабатов.
2020 жылдың 19 желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында елорда әкімі Алтай Сейдірұлының қатысуымен театрымызға Халық қаһарманы, КСРО және Қазақстанның Халық артисі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, көрнекті театр және кино режиссері Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтің есімі беріліп, театр атауы ресми түрде 2023 жылдың 1 шілдесі күні «Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры» болып өзгертілді.
Театр ғимараты «EXPO-2017» көрме кешенінің аумағында орналасқан соңғы үлгідегі өнер ордасы. Ғимарат ірі көлемдегі іс-шаралардан бастап, концерттерге арналған көпфункционалды сахналық алаңмен, көркем өнер көрсету үшін заманауи технологиялық аудио-жарық-бейне техникасымен жабдықталған.